Село Таскудык Сырымского района. Здесь прошло детство Клары Байбуловой. Из восьми детей она единственная ходила в русскую школу в деревне - это не был чей-то приказ, это было ее собственное желание, ее собственный выбор. Это одно смелое решение, кажется, определило направление всей его жизни.
Автор: Редакция Fresh City
Окончив школу, девушка освоила профессию радистки-телефонистки. Это важная профессия, неизвестная современному поколению, но в свое время она сохраняла дыхание деревенской жизни. В 80-е годы в селе Шидерти Сырымского района в межрайонном экономическом объединении юная Клара выполняла именно эту работу. Сколько земли было вспахано, сколько семян посеяно и сколько тонн пшеницы было перевезено во время весенней посевной и осенней уборочной кампании - все это передавалось из деревни в деревню в центр через его руки, через радиоволну. На краю поля сидела девушка и затаила дыхание урожая всей округи.
Но история не стоит на месте. Наступили 90-е, союз распался, жизнь повернулась совсем к другому вызову. Клара Мухамед-Закирквина не выбирает никакой работы, не отказывается от всего, что может, и продолжает честно работать. После переезда в город Урал в 1998 году несколько лет работал пекарем на предприятии «Гульден». Позже, когда название и направление заведения изменились и оно обратилось в сферу сельского хозяйства, он взял на себя и роль повара. В 2009 году переехал в город Аксай и работает в учреждениях здравоохранения, а в 2017-2020 годах работает кондуктором межрайонных автобусов на предприятии «Казахстан елим».
На первый взгляд - последовательность специальностей разная и даже вроде бы отличается друг от друга. Но в основе всего этого есть одна общая нить: судьбы переходного периода после 80-х, судьбы матерей, преодолевших трудности и бедность 90-х. Клара Байбулова - персонаж, воплощающий образ многих матерей той эпохи. Мать, которая работает не покладая рук, зарабатывает на жизнь с трудом и неустанно стремится к одной цели - будущему своих детей.
И эти дети сегодня - гордость Клары. Двое из трёх его сыновей выбрали военную сферу, один окончил Академию внутренних дел РК, другой окончил Санкт-Петербургскую Военную академию и с честью служил во всех частях страны. Средний сын пошел по пути отца и стал водителем. А внуки - настоящая гордость бабушки: оба старших внука окончили школу с золотой отметкой и поступили в высшие учебные заведения по своему выбору, что доставило бабушке огромную радость. Есть ли для матери или бабушки большая высота, чем успех ее поколения?
Однако жизнь Клары Байбуловой не ограничивается семьей. Несмотря на выход на пенсию, его активная жизнь не прекратилась. С 2019 года является гражданским активистом, наблюдающим за избирательным процессом. На этот путь его направил пример своего бывшего коллеги Бекнура Сражанова. И эту услугу он выбрал по собственному желанию.
"Каждый человек должен хотя бы раз в жизни наблюдать за выборами, это его гражданский долг", - простым и серьезным тоном говорит Клара Мухамед-Закирквина. В его словах есть и опыт, и беспокойство:
"Если избирательный процесс не будет контролироваться, то выборы не будут честными. Для меня очень важна конкуренция. Да, многие этого не понимают, многие люди не ходят на выборы и не голосуют. Даже во время выборов сельских примаров активность сельчан очень низкая. Тем не менее, я считаю, что на каждых выборах необходимо быть независимым наблюдателем. Наблюдая за выборами, мы своими глазами увидим, как происходит весь процесс на избирательном участке. Мы будем способствовать прозрачности, легальности и прозрачности выборов. Безнарушенное проведение процедур дня выборов. При этом мы можем наблюдать и фиксировать качество организации выборов, квалификацию и компетентность членов комиссий, потенциал и политические способности кандидатов, настроения и намерения граждан - все это именно в этот день - было ли нарушение закона во время выборов или все ли прошло по требованиям, мы найдем ответы на эти вопросы и зафиксируем все факты, мы защищаем голос каждого избирателя. наблюдатель - гражданский долг каждого казахстанца».
Для Клары Байбуловой, прошедшей путь от радистки до булочника, повара и кондуктора и наблюдающей сегодня за жизнью демократических процессов в стране, жизнь - это всегда быть активной, всегда полезной. И радиоволна, доносившаяся с поля, и тишина на избирательном участке - это голос только одного человека: матери, взявшей на себя ответственность за свою страну и детей.
«Дауыс беру - әр адамның азаматтық парызы»
Тасқұдық ауылы, Сырым ауданы. Клара Байбулованың балалық шағы осы жерде өткен. Сегіз баланың ішінен жалғыз өзі ауылдағы орыс мектебіне барған - бұл ешкімнің бұйрығы емес, кішкентай Клараның өз қалауы, өз таңдауы болған. Сол бір батыл шешім оның бүкіл өмірінің бағытын да айқындап бергендей.
Мектеп бітірген соң қыз бала радист-телефонист мамандығын игереді. Бұл - қазіргі ұрпаққа беймәлім, бірақ өз кезінде ауыл өмірінің тынысын ұстап тұрған маңызды кәсіп. 80-ші жылдары Сырым ауданының Шідерті ауылында, ауданаралық шаруашылық бірлестігінде жас Клара дәл осы қызметті атқарады. Көктемгі егіс пен күзгі жинау науқаны кезінде қанша жер жыртылғаны, қанша тұқым себілгені, қанша тонна бидай тасымалданғаны - осының бәрі оның қолы арқылы, рация толқыны арқылы ауылдан ауылға, орталыққа жетіп жататын. Дала төсінде отырып, бүкіл ауданның егін тынысын ұстап тұрған қыз болған.
Бірақ тарих тыныш тұрмайды. 90-жылдар келді, бірлестік тарады, өмір мүлде басқа сынаққа бұрылды. Клара Мұхамед-Закирқызы қандай жұмыс кездессе де таңдамай, қолынан келер істің ешбірінен бас тартпай, адал еңбек етуді жалғастырады. 1998 жылы Орал қаласына көшіп келген соң «Гүлден» кәсіпорнында бірнеше жыл наубайшы болып істейді. Кейін мекеме атауы мен бағыты өзгеріп, ауыл шаруашылығы саласына бет бұрғанда - аспаз қызметін де мойнына алады. 2009 жылы Ақсай қаласына қоныс аударып, денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек етеді, ал 2017-2020 жылдары «Қазақстан елім» кәсіпорнында аудандар арасына қатынайтын автобустардың кондукторы болып еңбек етеді.
Бір қарасаң - мамандықтар тізбегі әртүрлі, тіпті бір-біріне ұқсамайтын сияқты. Бірақ бәрінің түбінде бір ортақ желі жатыр: 80-ші жылдардан кейінгі өтпелі кезеңнің, 90-жылдардың қиындығы мен жоқшылығын жеңіп шыққан аналардың тағдыры. Клара Байбулова - сол дәуірдің қаншама анасының бейнесін бойына жинаған кейіпкер. Талғамай жұмыс істеп, маңдай терімен күн көріп, бір ғана мақсат үшін - балаларының болашағы үшін - тынымсыз тырысқан ана.
Ал сол балалар бүгінде - Клараның мақтанышы. Үш ұлының екеуі әскери саланы таңдап, бірі ҚР ІІД Академиясының түлегі болса, екіншісі Санкт-Петербург әскери академиясын тәмамдап, еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқарған. Ортаншы ұлы болса әке жолын қуып, жүргізушілікті кәсіп еткен. Ал немерелер - әженің шынайы мақтанышы: екі үлкен немересі де орта мектепті алтын белгімен бітіріп, өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, әжесіне зор қуаныш сыйлаған. Ана үшін, әже үшін ұрпағының жетістігінен асқан биіктік бар ма екен?
Дегенмен Клара Байбулованың өмірі - тек отбасы шеңберімен шектелмейді. Зейнеткерлікке шыққанмен, оның белсенді өмірі тоқтаған жоқ. 2019 жылдан бері ол - сайлау процесін бақылайтын азаматтық белсенді. Бұл жолға оны бұрынғы әріптесі Бекнұр Сражановтың үлгісі жетелеген. Ал өзі бұл қызметті өз еркімен, өз қалауымен таңдап алған.
«Әр адам өмірінде бір рет болса да сайлауды бақылауы керек, ол - оның азаматтық парызы», - дейді Клара Мұхамед-Закирқызы қарапайым әрі салмақты үнмен. Оның сөзінде тәжірибе де, алаңдаушылық та бар:
«Сайлау процесін бақыламаса, сайлау әділ өтпейді. Өзім үшін байқаудың маңызы өте зор. Иә, көп адамдар мұны түсінбейді, көп адамдар сайлауға, дауыс беруге бармайды. Тіпті ауыл әкімдерін сайлау кезінде де ауыл тұрғындарының белсенділігі өте төмен болады. Соған қарамастан, әрсайлауда тәуелсіз байқаушы болу керек деп есептеймін. Сайлауды байқау арқылы біз сайлау учаскесінде барлық процестің қалай өтіп жатқанына өз көзімізбен куә боламыз. Сайлау күнгі рәсімдердің ашық, заңды, бұзушылықсыз өтуіне өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар сайлауды ұйымдастыру сапасын, комиссия мүшелерінің біліктілігі мен сауаттылығын, кандидаттардың әлеуеті мен саяси қабілетін, азаматтардың көңіл-күйі мен ниетін - осының бәрін дәл осы күні байқап, тіркей аламыз. Ең бастысы - сайлау барысында заң бұзушылық болды ма, әлде бәрі талапқа сай өтті ме, осы сұрақтарға жауап тауып, барлық деректі құжаттаймыз. Байқаушы бола отырып, біз әрбір сайлаушы азаматтың дауысын қорғаймыз. Сондықтан сайлауда байқаушы болу - әр қазақстандықтың азаматтық парызы деп ойлаймын».
Радист-телефонистен бастап наубайшы, аспаз, кондуктор жолын өтіп, бүгінде елдегі демократиялық процестің тыныс-тіршілігін бақылап отырған Клара Байбулова үшін өмір - үнемі белсенді болу, үнемі пайдалы болу туралы. Дала төсінен естілген радио толқыны да, сайлау учаскесіндегі тыныштық та - бір ғана адамның: елі мен ұрпағы үшін жауапкершілік алған ананың дауысы.