В Уральске прошёл зимний фестиваль «Oral Winter Fest 2026»
Аяжан Даниярковина приехала на Урал в составе алматинской команды. Ему 22 года, птицеводством занимается более 4 лет. К соревнованиям на Урале готовились 4-летний орел по кличке «Алтын», годовалый ястреб по кличке «Жалин» и 2-летний лось по кличке «Тумар». Добраться до комплекса из Алматы на Урал вызвало некоторые трудности, поэтому на машине приехали два человека.
Автор: Редакция Fresh City
Oral Winter Fest 2026 на Западе стал масштабным мероприятием, пропагандирующим здоровый образ жизни через национальное наследие и современный спорт. Организатор спортивного праздника - областное управление физической культуры и спорта - сообщил, что на мероприятие собрались спортсмены и зрители из разных регионов страны. Спортсмены соревновались в соревнованиях по видам спорта, включенным в зимний праздник, дети веселились на катке, а горожане и гости наслаждались национальными, современными и экстремальными видами спорта.
Комплекс «Нур-Эр» в городе превратился в туманный сквер, который на два дня подарил горожанам и гостям зимнее веселье. А Надир Куанаев вырезал и украсил из снега на территории комплекса надписи «Oral Winter Fest 2026». Надиру помогали три человека и трактор делать буквы из снега. На украшение территории комплекса Надиру и его помощникам понадобилось 9 дней. Несколько месяцев назад Надир прославился тем, что сделал из снега модели Белой Орды и полицейской машины.
В рамках зимнего фестиваля «Oral Winter Fest 2026» прошли соревновательные соревнования по таким видам спорта, как чемпионат Республики Казахстан по орнитологии, собачьим бегам, традиционной стрельбе из лука и джеба, лыжному прицеливанию, автодрифту на льду, керлингу и катанию на санках. В этих соревнованиях никто не остался в стороне, следует отметить, что в фестивале приняли участие дети, подростки, мужчины и женщины.
Птицеловы со всего Казахстана соревновались на чемпионате страны по трем направлениям: орел, ястреб и ястреб, показав высокий пример мастерства и выносливости, ловкости и меткости. Птицеловы, прославляющие национальный вид спорта и передающие его от отца к ребенку, приехали из 12 регионов, а именно 33 птицелова из 3 городов и 9 районов привезли 56 птиц.
- Мы приехали на чемпионат с Дальнего Востока, ворону зовут Коксунги. Два года. Кусбеги - традиционная профессия нашей семьи, передающаяся от отца к сыну. Мои дедушка и отец помолвлены. Мне 22 года, птицеводством интересуюсь с детства, осваивать эту профессию я начал лет в 7-8. С момента выращивания птицу приучают к манипуляциям и манипуляциям. Усыпляет птицу, не усыпляет. Вот он и начинает понемногу учиться, прыгает на руку, приближается на 10 метров, на 5 метров. Ему нужно много терпения, понимания и любви. Спустя больше месяца он привыкнет и начнет хорошо с вами работать. Птицы включаются в конкурс с осени до весны, лучше включать молодых птиц. На этот раз я принес с собой орла и ястреба. Они едят только чистое мясо, едят говядину, баранину, конину, птицу. Ждать и заботиться о птице - задача непростая, - рассказала о своем опыте содержания птиц птицеловница Ердана Самгатулы из города Ускемен Восточно-Казахстанской области.
Призеры XIX Чемпионата Республики Казахстан, проводимого среди взрослых в г.Кусбегилике:
Орел: 1 место Багдат Кеуенов, Туркестанская область. 2 место Хамижанов Архат, Восточно-Казахстанская область. 3 место Серикболсын Жалгасулы, Жамбылская область.
Отжим: 1 место Бакдаулет Бабажан, Жамбылская область. 2 место: Ерлан Кенжетаев, Акмолинская область. 3 место Темирали Толегенулы, Карагандинская область.
Карша: 1 место Бакдаулет Бабажан, Жамбылская область. 2 место Серикболсын Жалгасулы, Жамбылская область. 3 место Ернарбек Мамет, Западно-Казахстанская область.
Кусбегис приезжают из разных регионов страны, и в собачьих бегах принимают участие местные охотники, которые дрессируют борзых и ходят на охоту. Общая численность борзых Акжайыкского, Байтерекского, Жанибекского, Каратобинского, Таскалинского, Теректинского, Шингырлауского районов нашей области и города Орал составляет около 50.
Что касается соревнований борзых, то 1-е место занял Эльдар Бегалиев, приехавший из Жанибекского района на своей борзой «Кокжал». 2-е место занял Жомарт Гаппаров, владелец борзой по кличке «Айкас». А 3-е место занял Айболат Толегенов, дрессировавший борзую «Сырттан». Второе и третье места разделили ташкентцы. Мы упомянули Эльдара Бегалиева, занявшего первое место по приданому, чей борзый стиль был приятным, а поводок на шее выделялся.
- Дрессировкой борзых занимаюсь с 2012 года. Это профессия, которая передавалась от отца к сыну, и мой дедушка держал борзых. Хожу на охоту, охочусь на кроликов и лисиц в период, когда охота разрешена. До этого я принимал участие в собачьих соревнованиях в городе Актобе Таскалинского района, занимал призовые места и выигрывал лошадей. Конечно, поддерживать облысение непросто, существуют специальные витамины и прививки. Специальное мясо для борзой я покупаю отдельно и каждый месяц трачу на него около 30 000 (тридцати тысяч) тенге. Они едят говядину и конину, мы им даем суп, у них есть специальное питание. Моему брату Нуржану козу подарили астанчане, он меня кормил только тогда, когда ездил на такие соревнования. Теперь он принял участие в конкурсе по перетягиванию свечей и занял первое место. В этом соревновании борзые тянут с лисицы шкуру. Как я только что упомянул, уход за борзыми - это профессия и традиция, оставленная нашими предками. Мы не должны уничтожать эту профессию. Могу сказать, что все ребята, привезшие борзых на сегодняшние соревнования, продолжают эту традицию. У меня есть сын, ему 7 лет.
Ширга - чучело, которое используют при приручении птицы. Его изготавливают из шкур лисиц, зайцев, зайцев и других диких животных. Птицы сделали из шипа образ прямого престола, покрыли его шкуру мехом и травой, а на голове приложили уши. Раньше поклоны использовались только как способ настройки орлов. Подносить свечу борзой - появился в более поздние времена. Новая модель из традиционной охоты. В настоящее время этот метод получил широкое распространение. Считается наиболее подходящей формой оценки скорости и ловкости борзой на различных соревнованиях и выставках.
В торжественной церемонии открытия зимнего фестиваля, прошедшего на территории комплекса «Нур-эр», приняли участие заместитель акима области Кайыржан Мендигалиев, вице-президент Федерации птицеводства РК, исполнительный директор федерации «Кыран» Багдат Муптекевина, работающая в сфере птицеводства почти 30 лет, государственный тренер по птицеводству РК Базарбек В мероприятии приняли участие Кунтуган, начальник областного управления физической культуры и спорта Бахдаулет Сабитов, ветераны спорта и сторонники национальных видов спорта, жители города и активная молодежь. Заместитель главы региона Каиржан Мендигалиев, официально открывший зимний фестиваль, подчеркнул просветительскую ценность фестиваля и отметил, что подобные мероприятия поднимают дух страны и дают толчок молодежи к занятиям спортом. - Этот фестиваль - уникальная площадка, сочетающая в себе наше национальное наследие и современный спорт. Наша главная цель - развитие зимних видов спорта, адаптация молодежи к здоровому образу жизни и прославление наших традиций. Мы верим, что «Oral Winter Fest 2026» продолжится и в будущем и станет брендом региона, - сказал он.
В ходе мероприятия было проявлено уважение к гражданам, внесшим значительный вклад в развитие отечественного спорта. В частности, по случаю 70-летия на их плечи взвалились вице-президент Федерации птицеводства РК Багдат Муптекевина и государственный тренер по птицеводству РК Базарбек Кунтуган.
На двухдневное мероприятие в нашем городе пришло около 5000 человек. Жители и гости города в течение двух дней катались на катке, играли в хоккей, катались на горках и смотрели концертные программы. Птицеловы со всего Казахстана фотографировались с орлами, ястребами и борзыми, обученными нашими соотечественниками, а также наслаждались автодрифтом, что давало им почувствовать адреналин и драйв.
Альфия Шамаева
Оралда «Oral Winter Fest 2026» қысқы фестивалі өтті
Аяжан Даниярқызы Оралға Алматы қаласының құрамасымен бірге келген. Ол 22 жаста, құсбегілікпен айналысқанына 4 жылдың үстіне шыққан. Оралдағы додаға 4 жастағы «Алтын» есімді бүркітін, 1 жастағы «Жалын» есімді қаршығасын және 2 жасар «Тұмар» есімді ителгісін дайындапты. Құрамаға Алматыдан Оралға жету біраз қиындық туғызып, жеңіл көлікпен екі адам болып келген.
Батыста өткен «Oral Winter Fest 2026» қысқы спорт фестивалі ұлттық мұра мен заманауи спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттаған ауқымды шара болды. Спорттық фестивальді ұйымдастырушы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы дүбірлі мерекеге спортшылар мен көрермен еліміздің түрлі өңірінен жиналғанын айтты. Спортшылар қысқы фестивальге енген спорт түрлерінен жарыстарда бақ сынаса, балалар сырғанақта асыр салып, мәз-мейрам болды, қалалықтар мен қонақтар болса ұлттық, заманауи және экстремалды спорт түрлерін тамашалады.
Қаладағы «Нұр-Ер» кешені екі күн бойы тұрғындар мен қонақтарға қыс қызығын ұсынған думанды алаңға айналды. Ал кешеннің аумағындағы «Oral Winter Fest 2026» жазуларын қардан қашап, әдемілеп қалап безендірген Нәдір Қуанаев. Қардан жасалған әріптерді жасау үшін Нәдірге үш адам және бір трактор техникасы көмекке тартылған. Кешеннің аумағын безендіруге Нәдір мен көмекшілеріне 9 күн қажет болыпты. Нәдір осыдан бірнеше ай бұрын Ақ Орда мен полицей көлігінің макетін де қардан жасап танымал болған еді.
«Oral Winter Fest 2026» қысқы фестивалінің аясында құсбегіліктен Қазақстан Республикасының чемпионаты, тазы жарысы, дәстүрлі садақ ату мен жамбы ату, шаңғымен нысана көздеу, мұздағы автодрифт, керлинг және шанамен сырғанау сияқты спорт түрлерінен тартысты сайыстар өтті. Бұл жарыстарда ешкім елеусіз қалмады, фестиваль балалар, жасөсіпірімдер, ерлер мен әйелдерді де қамтығаны туралы айта кету керек.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген құсбегілер ел чемпионатына үш бағытта бүркіт, қаршыға және ителгілерін сайысқа салып, шеберлік пен төзімділіктің, ептілік пен дәлдіктің биік үлгісін көрсете білді. Ұлттық спортты дәріптеп, атадан балаға жеткізіп жүрген құсбегілер 12 аймақтан келген, атап айтсақ 3 қала және 9 өңірден 33 құсбегі 56 құс ала келген.
- Чемпионатқа сонау шығыстан келдік, қаршығамның есімі - Көксүңгі. Екі жаста. Құсбегілік отбасымыздың атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан дәстүрлі кәсібі. Менің атам, әкем айналысады. Жасым 22-де, мен де құсбегілікке бала кезімнен қызықтым, 7-8 жасымнан осы кәсіпті игере бастадым. Құсты асыраған кезінен қолға, адамға үйретеді. Құстың ұйқысын алады, ұйықтатпайды. Сөйтіп ол ақырын-ақырын үйрене бастайды, қолға секіріп келеді, 10 метр, 5 метрден жақындай береді. Оған үлкен сабыр, түсіну және махаббат керек. Бір айдан асқан уақытта қолға көніп, өзіңмен бірге жақсы жұмыс жасай бастайды. Құсты сайысқа күзден бастап көктемге дейін қосады, негізі жас құстарды қосқан жақсы. Осы жолы бүркіт пен қаршығамды ала келдім. Бұлар тек таза ет жейді, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, құстардың етін жей береді. Құсты күтіп, бағудың өзі оңай шаруа емес, - деді құсбегілік тәжірибесі туралы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан келген құсбегі Ердана Самғатұлы.
Құсбегіліктен ересектер арасында өткен XIX Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегерлері:
Бүркіт: 1-орын Бағдат Кеуенов, Түркістан облысы. 2-орын Архат Хамитжанов, Шығыс Қазақстан облысы. 3-орын Серікболсын Жалғасұлы, Жамбыл облысы.
Ителгі: 1-орны Бақдаулет Бабажан, Жамбыл облысы. 2-орын Ерлан Кенжетаев, Ақмола облысы. 3-орын Темірәлі Төлегенұлы, Қарағанды облысы.
Қаршыға: 1-орын Бақдаулет Бабажан, Жамбыл облысы. 2-орын Серікболсын Жалғасұлы, Жамбыл облысы. 3-орын Ернарбек Мамет, Батыс Қазақстан облысы.
Құсбегілер еліміздің түрлі өңірлерінен келсе, тазы жарысына тазы баптап, аңға шығып жүрген жергілікті саятшылар қатысты. Облысымыздың Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан сайысқа қатысқан тазылардың жалпы саны 50-ге жуық.
Тазы жарысына келетін болсақ, 1-орынды Жәнібек ауданынан «Көкжал» атты тазысымен келген Эльдар Бегалиев иеленді. 2-орынға «Айқас» атты тазының иесі Жомарт Ғаппаров ие болды. Ал 3-орын «Сырттан» деген тазыны баптаған Айболат Төлегеновке бұйырды. Екінші және үшінші орынды тасқалалықтар бөлісті. Тазысының сәні келіскен, мойнындағы қарғыбауы да ерекше көзге түскен жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған Эльдар Бегалиевті сөзге тарттық.
- Тазыны баптаумен 2012 жылдан бері айналысамын. Бұл атадан балаға беріліп келе жатқан кәсіп, кезінде өзімнің атам тазы ұстаған. Аңға шығамын, аңшылыққа рұқсат етілген кезеңде қоян, түлкі аулаймын. Осыған дейін Ақтөбе қаласында, Тасқала ауданында тазы жарыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, жылқы ұттым. Әрине тазы ұстау оңай емес, арнайы дәрумендері, екпелері бар. Тазыға бөлек арнайы ет сатып аламын, оған ай сайын 30 000 (отыз мың) теңге шамасында қаржы шығарамын. Сиырдың, жылқының етін жейді, сорпа береміз, арнайы тамақтануы бар. Қарғыны Нұржан бауырыма астаналықтар сыйға тартқан, ол маған тартау етті, тек осындай жарыстарға шыққанда тағамын. Қазір шырға тарту жарысына қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Бұл жарыста тазылар түлкінің терісі шырғаны тартады. Тазы баптау жаңа айтып кеткенімдей ата-бабамыздан қалған кәсіп, дәстүр. Осы кәсіпті жойып алмауымыз керек. Бүгінгі сайысқа тазы әкелген жігіттердің барлығы осы дәстүрді жалғастырушы десем болады. Ұлым бар, 7 жаста, ұлымды да тазы ұстауға баулып, үйретіп жүрмін, - деді Жәнібектің Жақсыбай ауылынан келген ата-баба үрдісін жалғаушы Эльдар Бегалиев.
Шырға - құсты қолға үйреткенде, аңға түсуге баулығанда қолданылатын тұлып. Ол түлкі, қарсақ, қоян, тағы басқа түз аңдарының терілерінен жасалынады. Құсбегілер шырғаны сол түз тағысының бейнесіндей етіп, терісіне жүн, шөп кептеп, басына құлақ орнатады. Шырға тартуды бұрын тек бүркіт баптауға арналған тәсіл ретінде қолданған. Тазыға шырға тарту - кейінгі заманда пайда болған. Дәстүрлі аңшылықтан алынған жаңаша үлгі. Қазіргі таңда бұл әдіс кеңінен таралған. Түрлі жарыста, көрмелерде тазының шабыс, қуу қабілетін бағалаудың ең қолайлы формасы деп есептеледі.
Қысқы фестивальдің «Нұр-ер» кешені аумағында өткен салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры, құсбегілік саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Бағдат Мүптекеқызы, құсбегіліктен ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Базарбек Күнтуған, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, спорт ардагерлері мен ұлттық спорт жанашырлары, қала тұрғындары мен белсенді жастар қатысты. Қысқы фестивальді ресми ашқан өңір басшысының орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев фестивальдің тағылымдық маңызына тоқталып, мұндай шаралар ел рухын көтеріп, жастарды спортқа баулуға серпін беретінін атап өтті. - Бұл фестиваль ұлттық мұрамыз бен заманауи спортты тоғыстырған бірегей алаң. Қысқы спорт түрлерін дамыту, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу және дәстүрімізді дәріптеу басты мақсатымыз. «Oral Winter Fest 2026» алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің брендіне айналады деп сенеміз, - деді ол.
Шара барысында ұлттық спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, 70 жас мерейтойына орай ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызының және құсбегіліктен ҚР Мемлекеттік жаттықтырушы Базарбек Күнтуғанның иығына шапан жабылды.
Қаламызда өткен екі күндік дүбірлі тойға 5000-ға жуық адам келді. Қала тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы мұз айдынында коньки теуіп, хоккей ойнап, таудан сырғанап, концерттік бағдарламаларды тамашалады. Қазақстанның шартарабынан келген құсбегілердің бүркіт, қаршыға, ителгілерімен және өзіміздің жерлестеріміз баптап отырған тазылармен суретке түсіп, адреналин мен драйвті сезіндіре алған автодрифттің қызығына түсті.